Әлеумет

Жетісу облысының тұрғындарына ескерту жасалды

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті Абай облысындағы өрттен өңірді қалың түтін басуына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше ауданының аумағы қалың түтінге оранды. Осыған байланысты сабырлы болуды және маска киюді сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі, - делінген ТЖД хабарламасында.