Әлеумет

Жетісу облысында «Damumed»-тен пациенттердің жеке деректерін ұрлағандар сотталды

Медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізген екі жетісу тұрғынына сот шешімі шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 30 қаңтарда Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға сотталды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеу барысында медициналық қызметкерлердің тіркелгілерін заңсыз иемдену арқылы олардың Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тізілімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықталған болатын.