«Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті
Бүгін «Сарыарқа» ойын-сауық орталығында түрлі әлеуметтік топтағы балаларға арналған «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
«Мейірімділік-М» қайырымдылық қор» қоғамдық ұйымының мұрындық болуымен өткен іс-шарада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы және мүмкіндігі шектеулі балалар дәмді тамақтандырылып, сый-сияпаттарға ие болды. Сондай-ақ, акцияға қатысушыларға мультфильм кейіпкерлері көрініс қойып, балдырғандармен ойын ұйымдастырды. Өз кезегінде олар да өз өнерлерін ортаға салды.
2021 жылдан бері қайырымдылық бағытында жұмыс жасап келе жатқан ұйымның құрылтайшысы және төрағасы Айгүл Сеилова бүгінгі акция туралы былай деді:
-Біздің қордың құрылғанына биыл 11 жыл толып отыр. Көбіне мен балалар үйімен жұмыс істеймін. Пандемия кезінде де осында 100 балаға шақталған шара өткізгенбіз. Бүгін іс-шараға Қарағандыдан да жетім балалар келмек. Ал Астанадан №13 мектеп, №26 мектеп , №76 мектеп, сондай-ақ, биыл алғашқы рет №10 зағип балалар мектебі тәрбиеленушілері де қатысып отыр.
Оның айтуынша, қор көмегіне Үкіметтен беріліп жатқан көмекақының аздығынан патронат ата-аналар да жүгінеді. Ата-аналары әлеуметтік қиын жағдайда қалған 2-3 жасар балалар да ұйымның қанатының астында.
Ал ерекше баланың анасы Айгүл Әбілмажинова қордың тізімінде 4-5 жылдан бері тұрғандарын, аталған ұйым қандайда көмек болмасын, әрқашан қол ұшын беретіндерін айтып, ризашылығын білдірді.
-->