Жемқорлықпен сотталған әрбір төртінші адам ішкі істер органында жұмыс істеген
Биылғы бірінші тоқсанда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 414 адам ұсталған, деп хабарлады Elorda.info.
Finprom зерттеуінше, бұл - бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8 пайызға аз. Ұсталғандарды күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған. 234 адамның ісі сотқа өткен.
414 күдіктінің ішінде 307 адам – ауыр, 88 адам – орташа, 16 адам – аса ауыр, 3 адам ауыр емес қылмыс жасаған.
Сыбайлас жемқорлық бойынша күдіктілер Ұлытау және Абай (әр облыста екі адамнан), сондай-ақ Павлодар (алты) және Қызылорда (сегіз) облыстарында аз тіркелген.
Ұсталғандардың көпшілігі пара берді деген күдікке ілінген – 155 адам. Тағы 124 адам пара алды, 58-і сыбайлас жемқорлық алаяқтық жасады, 19-ы бөтеннің мүлкін иемденді немесе жымқырды, 18-і қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
-->Биылғы бірінші тоқсанда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 414 адам ұсталған, деп хабарлады Elorda.info.
Finprom зерттеуінше, бұл - бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8 пайызға аз. Ұсталғандарды күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған. 234 адамның ісі сотқа өткен.
414 күдіктінің ішінде 307 адам – ауыр, 88 адам – орташа, 16 адам – аса ауыр, 3 адам ауыр емес қылмыс жасаған.
Өңірлік тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің көпшілігі Астанада тіркелген: 64 адам – бұл бір жыл бұрынғыдан 14,3%-ға артық көрсеткіш. Алматыда да көрсеткіштер жоғары (55 адам, бір жылғыдан 27,9% көп) және Түркістан облысында (37 адам, бір жылғыдан 2,6% аз), - дейді сарапшылар.
Сыбайлас жемқорлық бойынша күдіктілер Ұлытау және Абай (әр облыста екі адамнан), сондай-ақ Павлодар (алты) және Қызылорда (сегіз) облыстарында аз тіркелген.
Ұсталғандардың көпшілігі пара берді деген күдікке ілінген – 155 адам. Тағы 124 адам пара алды, 58-і сыбайлас жемқорлық алаяқтық жасады, 19-ы бөтеннің мүлкін иемденді немесе жымқырды, 18-і қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотқа тартылғандардың ішінде басым бөлігін (26,1%) ішкі істер органдарының қызметкерлері құрады – 61 адам, бір жыл бұрын 34 адам болған. Сотқа тартылғандардың арасында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері де (39) аз емес, - делінген зерттеуде.