Жастар практикасы бойынша 34 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Жастар практикасы бойынша жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны Түркістан (9 007 адам), Қызылорда (3 443 адам), Жамбыл (3 047 адам) облыстарында және Шымкент қаласында (2 568 адам) байқалады.
Оқу орындарының түлектеріне арналған жастар практикасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
Жастар практикасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс беруші ұсынған ай сайынғы мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
Субсидиялардың айлық мөлшері (экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жалақыны субсидиялау мерзімі 12 айдан аспайды.
-->Жастар практикасы бойынша жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны Түркістан (9 007 адам), Қызылорда (3 443 адам), Жамбыл (3 047 адам) облыстарында және Шымкент қаласында (2 568 адам) байқалады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жастан аспаған, алған кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыз адамдар жастар практикасына қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.