Жасанды интеллекті дамыту қазақстандықтарды жұмыссыздыққа әкелуі мүмкін бе
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында спикер журналистің сұрағына жауап бере отырып, ЖИ жаңа технология ретінде жаңа жұмыс орындарын ашады деген пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«ЖИ еңбек нарығын өзгертеді, бірақ бұл адамдар жаппай жұмыссыз қалады деген сөз емес. Біздің ойымызша, жұмыс орындарын жоғалмайды, кәсіптер трансформациясы болады.Ол үшін Astana Hub-пен бірге білім беру бағдарламаларын іске қосамыз», - деді ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов.
Сонымен қатар, Цифрландыру министрлігінің өкілдері қазіргі уақытта ЖИ жұмыстың тиімділігін арттыруға көмектесіп жатқанын атап өтті.
«Біздің ұстанымымыз: ЖИ адамдарды алмастырмайды, ЖИ адамдарға көмектеседі», – деді Ғиззат Байтұрсынов.