Әлеумет

«Zhas Project» жобасына 4 мыңға жуық өтініш түскен

 Елімізде жастарға арналған «Zhas Project» жобасына құжаттарды қабылдау аяқталды, деп хабарлады Elorda.info 

Белгіленген мерзім ішінде NEET санатындағы жастардан (уақытша жұмыссыз жастар) 3892 өтініш түсті.   

Өтініштердің көпшілігі 26 жасқа толған қала тұрғындарынан түскен. Өңірлер бойынша Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының жастары белсенділік танытты.

Бұл жастарға жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін, қосымша ресурстар мен идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды бастама.  Жоба сондай-ақ жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтиды және білім беруді қолдайды.

Байқау қорытындысы бойынша 18 бен 34 жас аралығындағы жеңімпаздарға Қазақстанның 20 өңірінде 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар берілетін болады.

Айта кетейік, «Zhas Project» арқылы гранттық қаржыландыру ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша іске асырылып жатыр.

-->

Гендерлік көрсеткіш бойынша өтінімдердің 58,6%-ы әйелдерден, 41,4%-ы ер адамдардан түскен. Құжаттар аталмыш жобаны іске асыратын 10 өңірлік үкіметтік емес ұйым арқылы қабылданды. 14 мамырға дейін конкурстық өтініштер іріктеледі, ал нәтижелер 15 мамырда жарияланады, - деп жазды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 