Әлеумет

«Zhas Project» жобасы: Гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

Бұл туралы ОКҚ алаңында жастар кәсіпкерлігін қолдау шаралары туралы баяндау барысында Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – ақпараттық-түсіндіру, білім беру және жастарға бағытталған жобаларды жүзеге асыру арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, жастардың бойында кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бойынша қолайлы жағдайлар жасау. Жоба жұмыспен қамту және білім беру саласынан уақытша тыс жүрген 18 жастан 35 жасқа дейiнгi қазақстандықтарды қолдауға бағытталған.

Сондай-ақ жобаны сапалы және тиімді іске асыру үшін әр өңірде ашылған арнайы жобалық кеңселер жұмыс жасайды және Call-орталықтары құрылды. 

-->

2022 жылы «Zhas project» жобасы пилоттық түрде еліміздің 6 өңірінде жүзеге асқан болатын. 2023 жылы 250 грант жастарға табысталған болатын. Сонымен қатар жастардың жобаға қатысу географиясын кеңейту мақсатында 2023-2024 жылдары жыл сайын еліміздің 20 өңірінде жүзеге асыру жоспарлануда. «Zhas project» жобасы осал жастардың өмірлік маңызды дағдыларын дамытуға және олардың жергілікті қоғам өіріне тығыз араласуына мүкіндік береді. Жобаның негізгі басымдығы мемлекеттік бағдарламалармен аз қамтылған ауыл жастарын осы жобаға белсенді қатысуына бағытталып отыр, – деді Р.Құспан.  

Сондай-ақ жобаны сапалы және тиімді іске асыру үшін әр өңірде ашылған арнайы жобалық кеңселер жұмыс жасайды және Call-орталықтары құрылды.