Жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 194 фактісі анықталды
Биыл 31 қаңтардан бастап Қазақстан аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кетудің 288 фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан аумағынан жанармайды, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдарымен мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкетудің 94 фактісі анықталған. Олар бойынша сот арқылы 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып және 2 341 литр жанармай мен 25 335 литр дизель отыны тәркіленді.
ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада 63 мың литрден астам (63820 л) жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды.
-->Биыл 31 қаңтардан бастап Қазақстан аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кетудің 288 фактісінің жолы кесілді, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан аумағынан жанармайды, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдарымен мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкетудің 94 фактісі анықталған. Олар бойынша сот арқылы 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып және 2 341 литр жанармай мен 25 335 литр дизель отыны тәркіленді.
ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада 63 мың литрден астам (63820 л) жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда көрсетілген тыйым (31.01.2023 жыл) күшіне енген күннен бастап электрондық декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде мұнай өнімдерін кедендік декларациялауға жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдаған. Осы шектеуге қатысты әкімшілендіру жұмыстары тұрақты негізде алты айлық тыйым салу кезеңінде жүзеге асырылады, - делінген Энергетика минитрлігінің хабарламасында.