Жалақылары 640 мың – 2,5 миллион теңге: Қазавиақұтқару пилоттары жұмыстан кетіп жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов «Қазавиақұтқару» АҚ пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын растады, деп хабарлады Elorda.info Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ұйым қызметкелерінің жалақысын көтермейді. Себебі қазіргі мөлшері орташа көрсеткіштен жоғары.
Айта кетейік, сәуірдің басында «Қазавиақұтқару» АҚ пилоттары осы саладағы қауіпсіздік пен еңбек жағдайына шағымданды. Сол кезде 23 пилот жұмыстан кетуге арыз жазды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин барлық арыздар бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін айтты.
Сондай-ақ жұмыстан кететін әрбір пилоттың оқуына жұмсалған бюджет қаржысын қайтару міндеті бар екенін еске салды.
-->Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов «Қазавиақұтқару» АҚ пилоттарының жұмыстан кетіп жатқанын растады, деп хабарлады Elorda.info Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жұмысшылардың біреуі сынақ мерзімінен өтіп жүрген. Қалғандары берген өтініштеріне қарай шешіледі. Ешкімді мәжбүрлі түрде жұмыстан шығармайды. Бірақ өздері жұмыстан шығуға ниет білдіріп тұрса, оларды ұстауға да ешкімнің құқығы жоқ, - деді Иманқұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ұйым қызметкелерінің жалақысын көтермейді. Себебі қазіргі мөлшері орташа көрсеткіштен жоғары.
Жалақыны көтеру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Оның мөлшері орташа деңгейден жоғары, 640 мың теңге мен 2,5 миллион теңгенің маңайында болып тұр, - деп атап көрсетті министрліктің ресми өкілі.