«Жұрт жат ағымның жетегінде кетпесін»: Елордада діни бағытты насихаттайтын семинарлар өтіп жатыр
Елорадада Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және дұрыс діни бағытты насихаттайтын семинарлар өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Халықтың діни сауатын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында өткізілген бұл іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығы бірлесіп өткізді.
Іс-шара спикерлері ретінде білікті дінтанушылар, дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының теологтары, атап айтқанда, психолог, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Психология» кафедрасының оқытушысы А. Нуридинов, елордалық Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы А. Нұрахметұлы, PhD доктор, исламтанушы И. Бердалиев, психолог Ж. Сыдықова, исламтанушы Т. Қожахметова, С. Роза және т.б сөз сөйледі.
Іс-шараға студенттер, оқытушылар, әскери қызметшілер, спортшылар, жаттықтырушылар, саудагерлер, кәсіпорын қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер қатысты.
Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ
-->Елорадада Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және дұрыс діни бағытты насихаттайтын семинарлар өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Халықтың діни сауатын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында өткізілген бұл іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығы бірлесіп өткізді.
Іс-шара спикерлері ретінде білікті дінтанушылар, дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының теологтары, атап айтқанда, психолог, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Психология» кафедрасының оқытушысы А. Нуридинов, елордалық Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы А. Нұрахметұлы, PhD доктор, исламтанушы И. Бердалиев, психолог Ж. Сыдықова, исламтанушы Т. Қожахметова, С. Роза және т.б сөз сөйледі.
Іс-шараға студенттер, оқытушылар, әскери қызметшілер, спортшылар, жаттықтырушылар, саудагерлер, кәсіпорын қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер қатысты.
Бір апта уақытқа жоспарланған бұл шара алдағы жұма күні аяқталады. Астана қаласындағы мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында, сауда-саттық орталықтарында, әскери бөлімдерде лекция оқып, қарапайым халыққа діни мәселелерді түсіндіріп, дәстүрлі дініміз бен керітартпа ағымдардың парқын ашып айттық. Мақсатымыз – жұрттың жат ағым жетегінде кетуінің алдын алу, – дейді Астана қалалық Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Арман Нұрахметұлы.
Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ