Әлеумет

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың жеткілікті шегі төмендей ме

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәжіліс кулуарында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың жеткілікті шегін төмендету жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министр мұндай қадамға бару тиімсіз екенін атап өтті.

«Біз бәріміз зейнетақы жинақтары адамның қартайған шағындағы өмір сапасын қамтамасыз етуі керек екенін білеміз. Ал бұл жинақтарды ерте жаста шешіп алу қартайғанда төленетін зейнетақы құнының төмендеуіне әкеп соқтырады. Сондықтан дәл қазіргі уақытта мұны істеудің қажеті жоқ деп ойлаймыз», – деді Светлана Жақыпова.