«Қыздырманың қызыл тіліне еріп»: Белгілі ақын блогерлерді «сойып салды»
Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев блогер мәртебесі мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы мен Бас прокурорға сауал жолдаған болатын, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған орай бірқатар сарапшы пікір білдіріп жатыр. Айтыскер ақын, Жазушылар одағы басқармасы елордалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы да блогерлерге қатысты өз ойын жеткізген екен.
-->Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев блогер мәртебесі мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы мен Бас прокурорға сауал жолдаған болатын, деп хабарлады Elorda.info.
Осыған орай бірқатар сарапшы пікір білдіріп жатыр. Айтыскер ақын, Жазушылар одағы басқармасы елордалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы да блогерлерге қатысты өз ойын жеткізген екен.
Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев блогер мәртебесі мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы мен Бас прокурорға сауал жолдады.
«Өмірге деген көзқарасы енді қалыптасып келе жатқан жастарымыз осы блогерлерге еліктеп, жатыпішерлікке әуестеніп барады. Олар ұлтымызға жат мәдениет пен теріс идеологияны бойына сіңіріп жатыр», - дейді депутат.
Қазақта «Қыздырманың қызыл тіліне еріп» деген тіркес бар. Бүгінде ашық ақпараттық кеңістікте айғайға сүрен қосқан, құрыққа сырық жалғаған, өздерін «блогер» деп ат қойып, айдарлап алған бір топ бар. «Самауырын суалды дегенді Самарқанды су алды» деп жеткізетін блогерсымақтарға бақылауды күшейткен жөн-ақ!!! Осы бастан бақыламасақ, «қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді» деген мақалды түсінбей-ақ өтерміз. Жалпы, әркім өз шаруасымен айналысқаны дұрыс қой?! – деп жазды ақын.