«URKER» – 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын «URKER» – 2023 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпаратынша, байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
Өтінім қабылдау 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жалғасады.
Конкурcтық жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шыққан болуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады (екеуден артық емес).
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:
Жылдың үздік сұхбаты;
Жылдың үздік репортажы;
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация);
Жылдың үздік аналитикалық материалы;
Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
Радиостанциядағы үздік жоба;
Жылдың үздік фотосуреті;
Үздік өңірлік БАҚ;
Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы);
Үздік подкаст;
Үздік YouTube каналы.
Бәйгеге түсетін жұмыстарды (материалдарды) белді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар – байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне – жеңімпаз атағы беріліп, «URKER» – 2023 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.
-->Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпаратынша, байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.