Әлеумет

Уақыт белдеуінің өзгеруі қазақстандықтарға қалай әсер етеді?

Көктемнің бірінші күнінен бастап ел тұрғындары бірдей уақытпен өмір сүретін болады. Атап айтқанда, UTC+6 сағаттық бел­­деу­дегі Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары уақытты бір сағат артқа жылжытады. Ал қалған өңірлерде бұрынғы сағаттық белдеу сақталады. Уақытты бір сағатқа шегеру аталған өңір тұрғындарының денсаулығына қалай әсер етеді? Elorda.info тілшісінің бұл сауалына «Астана медицина» университеті Академик Е.Д. Даленов атындағы ғылыми зерттеу институтының аға оқытушысы Бағай Назарбайұлы жауап берді. 

Маманның  сөзінше, әр өңірдің адамдары өзінің табиғи уақытымен жүріп-тұрса, түрлі аурулардың даму ықтималдылығы төмендейді. 

 Ол өңірлерде бірдей уақыт болған жағдайда халықтың еңбекке белсенділігі артып, өмір сүру жасы ұзаратынын алға тартты. 

Маманның сөзінше, уақыт шегерілген кезде бүгінде Астана уақытымен өмір сүріп жатқан адамдардың денсаулығы мен жалпы эмоционалдық-психикалық жағдайы жақсарады.

Дегенмен егде жастағы адамдар жаңа уақыт белдеуіне бейімделу кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін. 

Естеріңізге салайық, уақыт белдеуі мәселесін реттеу ісін Сауда және интеграция министрлігі жанынан құрылған арнайы қараған болатын. 

-->

Маманның  сөзінше, әр өңірдің адамдары өзінің табиғи уақытымен жүріп-тұрса, түрлі аурулардың даму ықтималдылығы төмендейді. 

Денсаулықты сақтау үшін күн уақытына мүмкіндігінше жақын тұрақты уақыт белдеулерін қолданған дұрыс екендігі ғылыми түрде зерттелген соң ел билігі бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ұйғарды. Бұл тек адам денсаулығы ғана емес қоғамдық саланың барлық түріне оңтайлы әсер етеді. Осындай маңызды факторларды ескере отырып, еліміз бойынша бір реттік UTC+5 жүйесіне көшу ғылыми-зерттеу институттары мен әріптес ғалымдар тарапынан қолдау тапқан ең оңтайлы шешім ретінде қарастырылды. Адам ағзасындағы 12 жұп энергия канал тәулік бойы биореттілік бойынша жұмыс істейді. Мысалы,  күндізгі сағат бір және түнгі сағат бір өкпенің энергия шығынын толықтыратын мезгілі. Сол сияқты әрбір ағзаның энергия толықтыратын тұрақты уақыты бар.  Адам денесіндегі 12 жұп энергия каналының биорежимді жұмысы жер шарының 24 меридиандық сызық арқылы бөлінген 24 сағаттық белдеуімен өзгеріп отырады. Сондықтан да адамдар өзінің табиғи уақытымен жүру маңызды,- дейді ол.

 Ол өңірлерде бірдей уақыт болған жағдайда халықтың еңбекке белсенділігі артып, өмір сүру жасы ұзаратынын алға тартты. 

Өзгерген уақытқа бейімделіп алған соң, балалардың өсіп-жетілуі, жан-жақты дамуы, жалпы халықтың еңбекке белсенділігі артады.  Қоғамдық денсаулық нығаяды, адамдардың өмір сүру жасы ұзарады. Қолданыстағы UTC+6 сағаттық белдеуі көп айтылып жатқан десинхроноз, яғни биологиялық ырғақтардың сәйкес келмеуі ұзақ уақытқа созылған шаршаудың, депрессияның, ұйқысыздықтың және өнімділіктің төмендеуінің себеп болады. Мұның бәрі иммунитеттің, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік және басқа да аурулардың дамуының қауіпті факторлары.  Циркадиандық немесе биологиялық ырғақтар біздің өміріміздің ажырамас бөлігі.  Ал, бұлар бұзылса ағзаның түрлі стресстерге  қарсы тұруы қиындайды.  Сондықтан бүкіл республика тұрғындарының табиғи ырғақтарын үндестіру қажет,- дейді Бағай Назарбайұлы.

Маманның сөзінше, уақыт шегерілген кезде бүгінде Астана уақытымен өмір сүріп жатқан адамдардың денсаулығы мен жалпы эмоционалдық-психикалық жағдайы жақсарады.

Халықаралық тәжірибеде әлемнің 175 елі бір уақыт белдеуін пайдаланады. Уақыт белдеуінің өзгеруінің әсері адамның жасына, жалпы физикалық және психикалық жай-күйіне байланысты индивидуалды бейімделуді қажет етеді. Қазақстанның басым бөлігі тәуліктік және күн ырғақтарына сәйкес келетін өзінің табиғи уақыт белдеуіне UTC+5 ауысатындықтан, бұл өзгерістің бейімделу кезеңінен кейін адамдардың денсаулығы мен эмоционалдық-психикалық жағдайына оң әсер етері анық. Өзгеріске ең алдымен жас балалар мен сәбилердің ұйқы режимі сезімтал келуі мүмкін. Содан бұл олардың мінез-құлқы мен жалпы денсаулығына әсер етеді,- дейді ол.

Дегенмен егде жастағы адамдар жаңа уақыт белдеуіне бейімделу кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін. 

Сондай-ақ қарт, жасы ұлғайған адамдардың биологиялық ырғақтары өзгереді. Осы себепті егде жастағы адамдар жаңа уақыт белдеуіне бейімделуі кезінде қиындықтар болуы мүмкін. Ұйқыға және жүйке жүйесіне байланысты созылмалы аурулары бар адамдар және түнгі ауысымдағы жұмысшыларға бейімделу қиын болады. Сондықтан да уақыт өзгерген соң алғашқы күннен бастап ерте жатуды дағдыға айналдыру керек. Зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс тамақтану, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет. Уақытты тиімді пайдаланғанда ғана жан мен тән саулығын сақтай аламыз,- дейді Бағай Назарбайұлы.

Естеріңізге салайық, уақыт белдеуі мәселесін реттеу ісін Сауда және интеграция министрлігі жанынан құрылған арнайы қараған болатын.