ҚТЖ маусым айында 1,2 миллионнан астам жолаушы тасымалдады
2025 жылдың маусымында еліміз бойынша 112 түрлі бағытта жүрген «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 1,2 миллионнан астам жолаушы сапарға шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Дәстүрлі түрде жаз мезгілінде туристік аймақтарына бағытталған пойыздарға сұраныс артатыны байқалады. Атап айтқанда, Бурабай курорты бағыты бойынша қатынайтын электр пойыздарымен 18,7 мыңнан астам жолаушы тасымалданды. Шығыс Қазақстанның басты демалыс орындарының бірі – Алакөл көліне пойыз арқылы 12,8 мыңнан астам жолаушы жетті.
Жаз мезігілінде жолаушылар легін тиімді ұйымдастыру мақсатында сұранысы жоғары бағыттарға қосымша пойыздар жолға шығарылды. Атап айтқанда, қосымша рейстер Алакөл, Балқаш және Бурабай бағыттарына ұйымдастырылды.