Әлеумет

"Ұтысты Coca Cola да өткізіп жатыр": Депутат Дәулет Мұқаев блогерлерге қатысты айтты

Депутат Дәулет Мұқаев ұтыс ойнататын блогерлерге қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды, Elordainfo.kz.

"Түрлі компаниялар бар, Coca Cola болсын ұтыс өткізіп жатыр. Өзіміздің Қазмұнайгаздың өзінде осынша литр бензин құйсаң, көлік ұтып алуға болады деген сатып алуға ынталандыру акциясын ұйымдастырады. "Ханшатыр" ойын-сауық орталығында да киім сатып алғандар арасында ұтыс ойнатылады. Жанәбіловтердің оқиғасында сот процесі өзінің бағасын береді. Егер ол ынталандыру мақсатында ғана жасаған болса, ол әрине ешқандай қылмыстық жауапкершілік арқаламайды. Ал егер оның іс-әрекеттерінде жалған әрекет жасау, алдау-арбау әрекеттері дәлелденетін болса, онда жауапкершілікке тартылады. 

Курс сату кезінде көлік, үй ойнату туралы депутаттың ойын білдік. 

"Көлік, үй ойнату бұл - жарнама. Көп адам курсты ойламайды, машина ұтып аламын деп қатысады. Сондықтан лотореялық әрекеттің белгілері болуы мүмкін. Оның бағасын сот береді. Жалпы қазір өзінің үйін ойнатып жатқандар бар. Курс қана емес, әртүрлі косметика түрлерін сатып жатқандар да көп. Бұл жерде назарға алуы тиіс дүние - адалдық принципі. Блогер деген кезде маған да тиіп кететін жағдайы бар. Гив өткізіп, пәтер ойнатқан кезіміз болды. Бұл оқырмандардан жиналған ақшаға емес, құрылыс компаниялары демеушілігімен болды", - деді ол.