Әлеумет

Түркістан облысында ақша бопсалаған 2 блогер ұсталды

Түркістан облысы Сайрам ауданында жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалап, ақша талап еткен екі азамат ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Түркістан облысының прокуратурасының мәліметінше,  «А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

-->