Әлеумет

Өткен аптада 3 600-ден астам қылмыс тіркелді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бір апта ішінде 3 608 қылмыс жасалды, оның 1 893-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 2 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 35 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.