Әлеумет

«Теміржолшылар» тұрғын алабы 60 пайыз газбен қамтылған

Елорда іргесінде орналасқан «Теміржолшылар» кентін тұрғындар баяғыша Қырқыншы деп атап жүр. Стансаға байланысты «Теміржолшылар» тұрғын алабы болып кеткен. Elorda.info тілшісі елді мекенге барып, өмір сүруге қаншалықты қолайлы жағдай жасалғанын біліп қайтты.  

Жолаушылар мен жүк пойызының жүрісі тоқтамайтын мекенде 13 мыңнан астам халық тұрады.

теміржол.JPGТұрғындардың сөзінше, бұл жерде бастапқыда стансада жұмыс істейтін теміржолшылар ғана өмір сүрген. Бірақ, бүгінде елді мекенде халық саны артып, жаңадан үйлер соғылған. 

желез.JPGКөшелер арасымен жүре келе алдымыздан орта мектептің ғимараты көрінді. Мектеп оқушыларын кездестіріп, тұрғын алапта қалай тұрып жатқандарын сұрадық.

мектеп.JPG

бала спикер.JPGЕлді мекендегі білім ордасының іргетасы 1946 қаланған. Мектеп директоры Айжан Мәметханның сөзінше, мектепте 1179 оқушы бар. Қазақ-орыс тілдерінде білім беретін мекеме 2013 жылы жаңа үш қабатты ғимаратқа көшкен.

WhatsApp Image 2023-10-13 at 11.32.12.jpeg

Елді мекен туралы толық ақпарат білу үшін Алматы ауданы әкімінің бас инспекторы Еркебұлан Өмірбекке хабарластық. Телефон арқылы жауап беруге келіскен инспектор алдымен тұрғын алаптағы әлеуметтік нысандар туралы мәлімет берді. 

фок.JPG

газ.JPG

Еркебұлан Өмірбектің сөзінше, тұрғын үйлердің жартысынан астамы газдық жылу желісіне өткен. 

жол 1.JPG

Қазіргі таңда елді мекенде талшықтық оптика жүйесі тартылып, тұрғындардың 40 пайызы сапалы интернетпен қамтылған. 

Тұрғын алап тіршілігін байқап жүргенде қоғамдық көліктердің бірінен кейін бірі жүріп жатқанын байқадық. Бас инспектордың мәліметінше, елді мекенге №15, 15а, 22, 22а бағыттарындағы автобустар қатынайды. Жыл соңына дейін олардың аялдамаға келу уақытын азайту мақсатында қосымша автобус қосу жоспарланып жатыр екен. 

автобус.JPG

Бас инспектордан елді мекен туралы жалпылама ақпарат білген соң, тұрғындармен тілдесуді жалғастырдық. «Теміржолшылар» кенті қаншалықты өмір сүруге қолайлы екенін білу үшін дүкеннен шыққан әжені байқап, әңгімеге тарттық. Күлсара апаның елді мекенге көшіп келгеніне әлі бір ай да толмапты. 

газ 2.JPG

Жұмыс күні болған соң ба, әйтеуір көше тым тырыс.Тұрғын үйлердің басым көпшілігі жаңадан салынғаны көрініп тұр. Сондай-ақ жүре келе онды-солды шашылып жатқан қоқысты да көрмедік. 

Бас инспектор мәліметінше, №29 мектеп ауласында көктемде 300-ге жуық алма ағашы отырғызылған. 2024 жылы көктемде тағы қосымша ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. 

мектеп1.JPG

Тұрғын алапта Иманақ көшесінде 2021 жылы салынған саябақ бар. Сондай-ақ Маяковский көшесінде тағы бір гүлзар орналасқан. Тұрғын алапта футбол және бүлдіршіндерге арналған ойын алаңдары да бар. 

Елімізде 2021 жылдан бері «Қуатты  өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы жұмыс істеп жатқаны белгілі. Жоба мақсаты бойынша ел халқының  негізгі қажеттіліктерге теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет. «Теміржолшылар» тұрғын алабының тыныс-тіршілігімен таныса келе,  ұлттық жобаның іске асып жатқанын байқауға болады. Елорда орталығынан алыстау орналасқан демесеңіз, бұл жерде тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы барлық жағдай жасалғанын көріп қайттық.

-->

-Мен осы №29-шы мектепте оқимын. Бастысы су мен асфальтталған жол бар. Мектепке велосипедпен зыр етіп келеміз. Бізде көше жарығы қойылған, бірақ мен тұратын шеткі аймақта жоқ. Енді жарық жоқ жерлерге көше шамдарын қойса жақсы болар еді,- деді топ бала ішінен бір оқушы.  

бала спикер.JPGЕлді мекендегі білім ордасының іргетасы 1946 қаланған. Мектеп директоры Айжан Мәметханның сөзінше, мектепте 1179 оқушы бар. Қазақ-орыс тілдерінде білім беретін мекеме 2013 жылы жаңа үш қабатты ғимаратқа көшкен.

WhatsApp Image 2023-10-13 at 11.32.12.jpeg

Өздеріңіз көріп тұрғандай, біздің мектеп ғимараты жаңадан салынған. Мұғалімдер жеткілікті, барлығы 82 мұғалім жұмыс істейді. Олардың көбі қала жақтан келеді. Ал оқушыларымыздың басым бөлігі осы тұрғын алапта тұрады. Білім ошағында жаңа әрі заманауи негізде жабдықталған 2 компьютерлік сынып бар. Мектеп ішінде түрлі тегін  үйірмелер мен балалардың өзін-өзі басқару клубтары жұмыс істейді. Биылдан бастап бірінші сынып оқушылары ата-анасымен бірлесіп ағаш отырғызу үрдісін бастады. Осы негізде мектеп ауласында «Бірінші сыныптар аллеясы бар,- деп жауап берді №29-шы орта мектептің директоры Айжан Мәметхан.

Елді мекен туралы толық ақпарат білу үшін Алматы ауданы әкімінің бас инспекторы Еркебұлан Өмірбекке хабарластық. Телефон арқылы жауап беруге келіскен инспектор алдымен тұрғын алаптағы әлеуметтік нысандар туралы мәлімет берді. 

фок.JPG

Тұрғын алапта бір орта мектеп пен 3 балабақша бар. Сондай-ақ Оқушылар сарайының филиалы да орналасқан. Онда 20 түрлі спорт үйірмелері бар. Жақында Ақтасты және Горький көшесінің қиылысында 1 мың баланы қамтитын Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. Тұрғын алаптың өз ішінде №11-ші қалалық емхана бар. Ол толықтай жөңдеу жұмыстарынан өткен,- деп жауап берді бас инспектор.

газ.JPG

Еркебұлан Өмірбектің сөзінше, тұрғын үйлердің жартысынан астамы газдық жылу желісіне өткен. 

Биыл инвесторлар  қолдауымен 15 үйді тегін газбен жабдықтау жұмысы жүргізілді. Жалпы тұрғындардың 60 пайызы үйін газбен жылытып отыр. Көшелерге  жарық  қойылып, арық та қазылған. Осы жылы қосымша 700 метр арық жүйесі абаттандырылды. Нәтижесінде жаңбыр жауса немесе көктемде қар ерісе су басу қауіпі жоқ. Айта кету керек, қалалық  Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасымен бірлесіп  барлық 19 көшені жөңдеу жұмысы жоспарланған. 2022-2027 жылдар аралығын қамтитын жобаға қазір түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша 2024 жылдың бірінші тоқсанында нақты жоба дайын болады. Бүгінде Екібастұз көшесіне жөңдеу жүргізілді. Қалған көшелерге жол шұңқырын жабу жұмыстары жасалды,- деп атап өтті ол.

жол 1.JPG

Қазіргі таңда елді мекенде талшықтық оптика жүйесі тартылып, тұрғындардың 40 пайызы сапалы интернетпен қамтылған. 

Тұрғын алап тіршілігін байқап жүргенде қоғамдық көліктердің бірінен кейін бірі жүріп жатқанын байқадық. Бас инспектордың мәліметінше, елді мекенге №15, 15а, 22, 22а бағыттарындағы автобустар қатынайды. Жыл соңына дейін олардың аялдамаға келу уақытын азайту мақсатында қосымша автобус қосу жоспарланып жатыр екен. 

автобус.JPG

Бас инспектордан елді мекен туралы жалпылама ақпарат білген соң, тұрғындармен тілдесуді жалғастырдық. «Теміржолшылар» кенті қаншалықты өмір сүруге қолайлы екенін білу үшін дүкеннен шыққан әжені байқап, әңгімеге тарттық. Күлсара апаның елді мекенге көшіп келгеніне әлі бір ай да толмапты. 

Біз бұл жаққа осы айдың басында көшіп келдік. Оның алдында Көктал-1-де тұрдық. Енді ғана көшіп келген соң, көп ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ, байқағанымдай, кей көшелерде жарық болмай қалады. Қаламен іргелес тұрған соң, көшелерінде шамдары жарқырап тұрса дейміз. Әсіресе, кешқұрым мектептен қайтатын оқушылар бар. Елдімекен ішіне газ тартылған. Сондықтан жылуға қатысты айтарлықтай мәселе көрген жоқпын,- деп жымиып жауап берді тұрғын алаптың қарт тұрғыны. 