Театрлар мен музейлер тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр
Ел аймақтарында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр. Елдің мәдени ошақтары да бұл игі істен тыс қалмады, деп хабарлады Elorda.info.
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры, «Жастар» театры, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымдары бір күндік табысын қайырымдылық қорларға аударды.
«Астана Опера» театры жеке гигиена құралдары мен азық-түлік жинап, Астанадағы қабылдау пункттеріне тапсырып, ортақ іске үлес қосты.
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының қызметкерлері Атырау облысына гуманитарлық жүк жіберді. Бірнеше шығармашылық ұжым концерттен түскен қаражатты «Biz birgemiz Qazaqstan» қорына аударуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры және басқалары бар.
-->Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры, «Жастар» театры, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымдары бір күндік табысын қайырымдылық қорларға аударды.