Әлеумет

Тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар енді 3 жылға сотталады

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев вандализмге қарсы жаза күшейтілетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

Тарихи, мәдени ескерткіштер, үкімет қорғайтын мәдени обьектілерді суретпен, жазулармен бүлдіретін іс-әрекеттер – адамгершілікке жатпайтын өрескел заң бұзушылық. Вандализммен жазаға тартылғандарға бұрын 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынатын  Енді бұл 200 АЕК-ге көтерілді. Әкімшілік жаза ретінде құқық бұзушыны бұрын 40 тәулікке қамасақ, қазір 50 тәулікке қамау жазасын қолдануды көздеп отырмыз. Егер бірнеше адам болып заң бұзса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды жөн көріп отырмыз. Қайталанса, ең ұзақ жаза қолданылады. Ал қоғамдық орындарды бүлдіру, біреудің мүлкін бүлдіру, көлігін бүлдіргендер 50 АЕК төлейді немесе 20 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылады,— деді министр орынбасары.