«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды
2023 жылдың грант иегерлері Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысында анықталды, деп хабарлады Elorda.info.
Мәдениет және ақпарат министрі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асатынын жеткізді.
14-35 жастағы қатысушылардың конкурстық өтінімдері 15-18 желтоқсан аралығында қаралды. 5 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.
Өтінімдер 26 қыркүйек пен 26 қараша айларында қабылданды. Жалпы алғанда, 1 154 жоба қаралып, оның ішінде 85-і – «Ғылым», 140 – «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар» – 127, 462 – «Бизнес» және 102 – «Медиа» саласы бойынша. 238 өтінім конкурстық талапқа сай келмегендіктен іріктеуден өтпеді.
2023 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.
-->Мәдениет және ақпарат министрі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асатынын жеткізді.
Жобаның мақсаты – белсенді, шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы жастар бастамаларын мемлекеттік қолдау. Біздің міндетіміз – жас қазақстандықтардың бастамаларын және олардың эксклюзивті жұмыстарына қолдау көрсету, - деп атап өтті Аида Балаева.