Түрмеде отырған 32 мүгедек жан рақымшылыққа ілігеді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Депутат Сейтжан Кенжеғұл Iшкi iстер министрлiгiнiң өкілінен жаңа заң бойынша қанша мүгедек жан рақымшылыққа ілігетінін сұрады.
«Қазіргі таңда жазасын өтеу орындарында 250-ден астам мүгедек адам бар. Оның ішінде 32 адам рақымшылыққа ілігеді»,- деді Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков.
Сонымен қатар мәжіліс депутаты еліміздегі әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мүгедектігі бар азаматтарды орналастыру үшін қосымша қаржыландыру бойынша сұрақ қойды.
«Елімізде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 600-ге жуық ұйым бар. Шамамен 90 мың адамды қамтиды. Осыған байланысты қосымша қаржыландыру қажет емес»,- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин.