Әлеумет

Түркістанда баласына алимент төлеуден қашқан 72 адам 274 млн теңгені құмар ойынға салған

 Түркістан облысында 72 борышкер алиментті қасақана төлемей, 274 млн теңгені құмар ойынға салған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Түркістан облыстық прокуратурасы алимент төлеу міндеттерін орындамаған борышкерлерге қатысты талдау жүргізді.

«Жыл басынан бері облыс бойынша сот орындаушыларына алиментке қатысты 22 219 атқару құжаттары түсіп, нәтижесінде 2 376 іс аяқталып, 19 843 құжат орындалу сатысына жетті», - деді Түркістан облысының прокуратурасы.

Осы ретте облыс прокуратурасында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді жауаптылыққа тарту бағытында уәкілетті және қылмыстық қудалау органдарының өзара әрекеттесуі мәселесі бойынша мекемеаралық мәжіліс өтті. Аталған мекемеаралық мәжілістің мақсаты – алимент қаражатын өндіру мақсатында заңда көзделген барлық шараларды қолдану және барлық мүдделі органдарының осы бағыттағы өзара іс-қимылын үйлестіру болып табылады.

Мәжілістің хаттамалық шешімі орындау үшін жауапты мекемелерге жолданды.