Әлеумет

Төл әдебиетімізді заман талабына сай жаңғыртып, көкжиегін кеңейте түсу – маңызды міндет

Қаламгерлер – билік пен халық арасындағы дәнекер қауымға айналуы тиіс. Олар өз кезеңінің мәселесін қаламына арқау етіп, халықтың бары мен жоғын түгендеуі керек. Бұл – қоғам зиялылары мен ақын-жазушыларының ортақ пікірі, деп хабарлады Elorda.info Almaty.tv сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Жазушылар одағы – еліміздегі ең ірі және алғашқы құрылған қоғамдық ұйым. Қасиетті қара шаңырақтың 90 жылдық тарихы бар. Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров пен Сәкен Сейфуллин секілді ұлылардың табаны тиген Одақ жұмысы сол дәстүрге сай жалғасуы, дамуы тиіс дейді бүгінгі қаламгерлер.

Қазақ халқы – сөзге, уәдеге тоқтаған ел. Әділ Қазақстан құрамыз десек, ұлттық идеологиямызды күшейту керек. Бұл – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның пікірі.

Ел болып атсалысқан жаңа реформаның қабылданғанына алдағы айда бір жыл болады. «Десе де, Президент бекіткен саяси өзгерістер бір жылдық жұмыс емес. Ол - әр сала мамандарының қажырлы еңбегі мен сүбелі нәтижесінің жемісі» дейді көпшілік.

-->

Мен бірнеше құрылтайға қатыстым. Олжас Сүлейменовтің, Әнуар Әлімжановтың, Қалдарбек Найманбаевтың кезінен құлағымызды түріп жүрдік. Біздің рухани мекеніміз секілді, қалам ұстаған қазақтың баласы сол жерге баруды өзіне қасиетті борыш санайтын еді, – дейді ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай.

Қаламгерлер үшін қашанда еңбегінің бағаланғаны, кітабының жарыққа шыққаны, оқырманымен шығармашылық байланыста болғаны аса маңызды. Бұл бағытта Одаққа түсер салмақ пен жауапкершіліктің жүгі ауыр.

Қолына қалас ұстаған ақын-жазушылар өз шығармалары арқылы әдебиетке үлес қосуы керек. Қазір  900-ге жуық ақын-жазушы бар екен. Олар танылып жатса, жақсы шығармалар шығып жатса, ол да Одақтың ортақ жеңісі деп есептеймін, – деді «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат.

Төл әдебиетімізді заман талабына сай жаңғыртып, көкжиегін кеңейте түсу – маңызды міндет. Бұл – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойған басты тапсырма. «Ұлттық мәдениетті, әдебиетті жаңғырту арқылы Мемлекет басшысы қойған межеге жету мүмкіндігі. Кейінгі кезде еңбекті бағалау, еңбек адамына құрмет көрсету сияқты жақсы үрдіс жалғасын тауып жатыр. Бұрынғы жүйеден алатын жақсылық – осы. Ұлттық құндылықты жаңғыртуымыз керек. Сонда ғана реформалардың нәтижесін көре аламыз, – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбай.

Қазақ халқы – сөзге, уәдеге тоқтаған ел. Әділ Қазақстан құрамыз десек, ұлттық идеологиямызды күшейту керек. Бұл – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның пікірі.

Референдумнан кейін көп өзгеріс болды. Жер дауы, жесір дауы – қазақтың бітіспес дауы. Ол сол мәселені шешті. Біз билікті қолдауымыз керек, ауызбірлік болуы керек. Президент біреу, қалғанымыз тіреу болуымыз керек, – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжан.