Сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады – Асқарбек Ертаев
Асқарбек Ертаев сыртқы көші-қонда оң динамика байқалатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, саладағы әрбір блок үшін негізгі тапсырмалар айқындалды. Алдымен сыртқы иммиграция аясында Қазақстанды білікті кадрларды тарту орталығы ретінде қалыптастыру көзделген. Екіншіден, сыртқы эмиграция аясында өз отанынан тыс жерде тұратын қазақстандықтардың құқықтарын тиімді қорғау жүйесін құру. Ал ел ішіндегі мобильділікті реттеу үшін демографиялық теңгерімсіздікті жоюдың тиімді құралы мен тетігін енгізу жоспарда бар.
Айта кетерлігі, ішкі көші-қонда да еңбек ұтқырлығындағы белсенділіктің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға өсті. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ішкі көші-қонға 733 мың адам қатысты. Оның ішінде, облыстар арасында 338 мың адам қоныс аударған. Мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді.
Мәселен, Астанада тұрақты тұруға 74 мыңнан астам адам, Алматы қаласына 67 мың адам, Шымкент қаласына 30 мың адам келді. Астана қаласы келушілер саны бойынша басқа мегаполистерден алда тұр.
-->Оның айтуынша, саладағы әрбір блок үшін негізгі тапсырмалар айқындалды. Алдымен сыртқы иммиграция аясында Қазақстанды білікті кадрларды тарту орталығы ретінде қалыптастыру көзделген. Екіншіден, сыртқы эмиграция аясында өз отанынан тыс жерде тұратын қазақстандықтардың құқықтарын тиімді қорғау жүйесін құру. Ал ел ішіндегі мобильділікті реттеу үшін демографиялық теңгерімсіздікті жоюдың тиімді құралы мен тетігін енгізу жоспарда бар.
10 жылда алғаш рет 2023 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалды. 2023 жылғы 1 желтоқсанда көші-қон сальдосы +8,3 мың адамды құрады. Елге 23 мың адам келіп, 15 мың адам кетті. Елдер бөлінісінде көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытай Халық Республикасына тиесілі. Білім деңгейі бойынша да оң сальдо байқалады, елге білімді адамдар көбірек келген. Сонымен қатар, өткен жылдың 9 айында мамандықтар бойынша оң сальдо белгіленді, техникалық мамандықтар бойынша +986 адамды, экономикалық мамандықтар бойынша +585 адамды, заң бойынша +222 адамды, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша +100-ден астам адамды құрады, – деді А.Ертаев.