Әлеумет

Шымкентте Конго-Қырым безгегінен бір адам көз жұмды

Шымкентте үш адам конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды. Бұл туралы Elorda.info otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Екі адам жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп, үйге шығарылды.

Ал Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол 3 күн жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды. Қазір тағы бір науқас ауру жұқтырды деген күдікке ілінді. Мамандар оның конго-қырым геморрагиялық қызбасына талдауларын тексеріп жатыр.

-->

«Кене шаққан кезде жалаң қолмен жұлуға немесе біреуге жұлдыруға болмайды. Дәрігерге қаралып, кене қадағалаумен алынуы керек. Кене шаққаннан кейін дене қызуы көтеріліп, қанау белгілері пайда болғанда тез арада дәрігердің көмегіне жүгіну қажет», - деді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали Ережепов.