Су тасқынынан зардап шеккендер өтінішті смартфон арқылы бере алады
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге eGov mobile қосымшасы арқылы көмек алуға өтінім беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жаңа функционалды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.
Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте «Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама» қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректерді толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Енгізілген тетік барлық мәліметтерді цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді.
Үшінші тұлғалардың азаматтардың жеке деректерін алып қоюын болдырмау үшін тек eGOV mobile ресми қосымшасын пайдаланудың қажет екенін еске салады.
-->Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте «Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама» қызметін табу қажет. Ашылған терезеде зардап шеккендер туралы барлық қажетті деректер мен ақпаратты, соның ішінде банктік шотты, байланыс телефонын, оқиғаның мекенжайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүліктің болуын немесе болмауын, келтірілген залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректерді толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
«Әлеуметтік көмек» автоматты ақпараттық жүйесі арқылы өтінім оқиға орын алған ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға түседі. Өңделген өтінімдер бойынша зардап шеккен мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі.
Бағалауды жүргізуді бақылау фото және бейнетүсірілім, сондай-ақ FSM social арнайы мобильді қосымшасы арқылы геофиксациялау арқылы тіркелетін болады», - делінген хабарламада.
Енгізілген тетік барлық мәліметтерді цифрландыра отырып, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету процесін толық мониторингілеуге және бақылауға мүмкіндік береді.
Үшінші тұлғалардың азаматтардың жеке деректерін алып қоюын болдырмау үшін тек eGOV mobile ресми қосымшасын пайдаланудың қажет екенін еске салады.