Әлеумет

Су тасқынынан зардап шеккендер санаторийлерде тегін демалады

Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-ның 16 санаторийлік-курорттық ұйымы зардап шеккендерді тегін қабылдайды, деп хабарлады Elorda.info.

Оның 12-сі Түркістан облысында.  Қалған 4 санаторий Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облысында орналасқан  

Жалпы алғанда, бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсының мерзімі 10-нан 14 күнге дейі.  Бұл мерзімде зардап шеккендер мүмкіндігінше санаторийлік сапалы емдік шара ала алады. 

-->

Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ жергілікті атқарушы органдардан санаторийлерде дереу орналастыру қажет адамдардың тізімін сұратты. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде балаларға қажетті медициналық көмек және психологиялық оңалту көрсетіледі, - делінген ведомствоның хабарламасында.