Әлеумет

Су тасқынынан зардап шеккен 6 мыңға жуық отбасы біржолғы төлем алды

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды бағалау және өтеу бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінде арнайы құрылған өңірлік комиссияларға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарынан 13 577 өтініш келіп түскен. 

5 803 отбасы 100 АЕК немесе 369 200 теңге көлемінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды. 877 отбасыға келтірілген материалдық шығын үшін жалпы сомасы 380 млн теңге өтемақы төленді. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 38,9 млн теңгеге жетті. 

18 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2 602 тұрғын үй тексеріліп, олардың 1 499-ына бағалау жүргізілді. Нәтижесінде 794 үй жөндеуге келетіні, 701 баспананың қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталды. Қазіргі уақытта 197 отбасыға баспаналарын жөндеу үшін жалпы сомасы 218,6 млн теңге өтемақы төленді. 33 отбасыға қираған үйдің орнына жаңа баспана және пәтерлер берілді. 

Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында тұрғын үйлердің құрылысы басталды. 

Бағалау және залалды өтеу бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. ҚР Президенті атап өткендей, барлық зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін су тасқыны салдарынан келген залалға өтемақы алу үшін іс-қимыл алгоритмі жарияланған болатын.

-->

Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесуінде. 