Әлеумет

Су тасқынынан зардап шеккендерге 1 500-ден астам әскерилер көмектесіп жатыр

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандардағы су тасқыны жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің су басу салдарының алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарға қатысуы көбейтілді. Өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға 1 500-ден астам әскери қызметші, 104 автомобиль техникасы, 3 армиялық авиация тікұшағы жұмылдырылды.

Әуе көлігімен 39 адам тасымалданды, 4 тоннадан астам жүк жеткізіліп, 6 мыңнан аса қапшыққа құм толтырылып, төселді. Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының жауынгерлері Петропавл қаласы маңындағы Заречный ауылының аймағына Есіл өзенінің бөгетін нығайту үшін 1 мыңнан астам қапшық құм дайындады. Төтенше жағдайлар департаменттері мен Полиция қызметкерлерімен бірге олар Заречный тұрғындарын эвакуациялауға қатысты. 

Атырау облысының Құлсары қаласында Маңғыстау облысындағы аумақтық қорғаныс бригадасының 187 әскери қызметшісі ауысыммен бөгетті қалпына келтірумен және қаланың айналасына құм салынған қаптарды қойып, бекітумен айналысуда. Осындай жұмыстарды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің жеке құрамы да атқарып жатыр.

Мұз кептелістерін жою және су ағынын бәсеңдету үшін әскери инженерлер Құлсары қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы Жем өзенінде жару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Осы уақытқа дейін барлығы 8 жарылыс ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасы Орал қаласының Шаған ауданына тартылды. 6-шағын ауданда олар Қырғызстаннан келген гуманитарлық жүкті түсіруге көмектесті. 

Атырау облысының жедел штабы басшысының өкімімен жергілікті жер учаскелері мен елді мекендердің тұрғын алабын су басуына жол бермеу үшін Ақтау гарнизонынан Махамбет ауданына кеше кешке 300 теңіз жаяу әскері, 13 әскери техника барды. Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің дизельді және бензин генераторларының көмегімен Ақмола облысы Жарқайың ауданы Далабай, Тассуат, Тасөткел ауылдарының және Есіл ауданы Заречное ауылының тұрғындарына көмек беру жалғасуда. 

27 наурыз бен 9 сәуір аралығында іс-шараларға 3 мыңнан астам әскери қызметші, 173 әскери техника, 14 тікұшақ, 4 әскери-көліктік ұшақ жұмылдырылды. Қарулы күштердің жеке құрамының күшімен 2,5 мыңға жуық адам, оның ішінде 745 бала эвакуацияланды. 115 тоннадан астам жүк тасымалданды.

-->

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында Астанадан келген 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ауылдың айналасын нығайту үшін 8 мың қап құм толтырды. Екінші топ «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ мамандарымен бірлесіп, Петропавл қаласының маңындағы айналма жолды нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Қалған екі топ жылыжай, жағалау ауылдарының айналасын, сондай-ақ айналма жол бойымен құм салынған қапшықтарды төсеумен айналысты. Осы бөлімнің жүз әскери қызметшісі Петропавл қаласының Заречное айналасындағы бөгетті күшейту бойынша жұмыстарға кірісті, – деді Р.Жангулин.  

Атырау облысының Құлсары қаласында Маңғыстау облысындағы аумақтық қорғаныс бригадасының 187 әскери қызметшісі ауысыммен бөгетті қалпына келтірумен және қаланың айналасына құм салынған қаптарды қойып, бекітумен айналысуда. Осындай жұмыстарды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің жеке құрамы да атқарып жатыр.

Мұз кептелістерін жою және су ағынын бәсеңдету үшін әскери инженерлер Құлсары қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы Жем өзенінде жару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Осы уақытқа дейін барлығы 8 жарылыс ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысы Ойыл өзеніндегі паром өткелімен Қонаев гарнизонының әскери инженерлері 235 азаматты эвакуациялап, 29 тоннаға жуық жүк тасымалдады. Барлығы паром өткелінің көмегімен 817 азамат эвакуцияланды, 50 тоннадан аса гуманитарлық көмек, мүлік пен жүк тасымалданды. Ақтөбе облысының Келешек елді мекенінің тұрғындарының үйлерін тастап кеткен мүлкін қорғау жөніндегі іс-шараларға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері жұмылды, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі.