Әлеумет

Су ресурстары және ирригация министрлігі ерекше челлендж бастады

Қазақтың қара сөзі мен поэзиясының асқақ шыңы, мәңгілік даналық пен адалдықтың, адамгершіліктің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай, Су ресурстары және ирригация министрлігі ерекше челлендж бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биыл ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл!

Осыған орай аталған министрлік Абайдың өлеңдерін оқу арқылы ақынның ұлы мұрасын насихаттауды қолға алды.

Біз челленджді Ауыл шаруашылығы мен Экология және табиғи ресурстар министрліктері, министрлігімізге қарасты «Қазсушар» мен бассейндік инспекция филиалдарына жолдаймыз.

Абайдың поэзиясы мәңгілік мән мен терең мағынаға ие, ол әрқашан жүрегімізде, әрқашан біздің жанымызда болады, - делінген хабарламада.