«Сорлы болдық па?!»: Танымал блогер семинар-тренинг өткізетіндерді сынап тастады (ВИДЕО)
Танымал блогер Мөлдір Анарбаева Instagram-парақшасында түрлі ақылы семинар-тренинг өткізіп жүргендерді сынның астына алды, деп жазады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: «Қыздырманың қызыл тіліне еріп»: Белгілі ақын блогерлерді «сойып салды»
-->Танымал блогер Мөлдір Анарбаева Instagram-парақшасында түрлі ақылы семинар-тренинг өткізіп жүргендерді сынның астына алды, деп жазады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: «Қыздырманың қызыл тіліне еріп»: Белгілі ақын блогерлерді «сойып салды»
Біз ақылды ақшаға алатындай сонша сорлы болдық па?! Шын мәнінде сендер топассыңдар деп отыр ғой сонда. Анаң қайда, әпкең қайда?! Ауылдасың қайда? Сені танымайтын адам саған қандай ми береді?! Ойшылдардың жазғанын түртіп алып қажетіңе жараса, бизнесте жол үйретсе жөн екен, ал енді түбегейлі майда-шүйде ақылға зар болатындай топас болғанымыз өкінішті. Басыңды соғып барып ес жинайсың, ал сол басыңда шын мәнінде түк жоқ болса саған сарнаған қатын салып берсе де жоқ ол ақыл! Ашсаң бітті, тұңғиыққа жетелеп, мендей бол дейтіндер қаптады. Шын мәнінде ол сендей болсын! Әр адам өзінше ерекше, әр адам жеке тұлға!
Өкпелеу, жылау, қуану, қайғыру өмір!!!
О дүниеден бұрын бұ дүниедегі миссияң құрбан болу емес, шынайы адам болу!
Өзің адасып жүргенде өзгені адастыруға, мейірімді дінімізді қорқынышты қылуға сендерге кім құқық берді?!
Әркімнің жағдайы мен тағдыры әртүрлі, оның бәрін шатып-бұтуға кімнен рұқсат алдыңдар?!
Бір сәт ар айнасына қарасаңдаршы, жарықтарым ау! - деді ол.