Әлеумет

Соңғы бес жылда елімізде қалалар саны 3 бірлікке өсті

Соңғы бес жылда Қазақстандағы қалалар саны 2 облыстық және 1 аудандық маңызы бар қалаларды қоса алғанда 3 бірлікке артты, деп хабарлады Elordainfo.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың 1 шілдесіне елімізде қала мәртебесі бар 90 елдімекен тіркелген.

Қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11 бірлік, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында — әрқайсысында 8-ден. Бес жыл бұрын қала халқының үлесі 58% құраған, бүгінде бұл көрсеткіш 62,7% дейін өсті.

Осылайша қала халқының саны 12,6 млн адамға жетті. Ең көп қала тұрғындарының саны Республикалық маңызы бар қалаларда: Астана – 1,4 млн, Алматы – 2,2 млн, Шымкент – 1,2 млн адам. Облыстар ішінде 927 мың қалалық тұрғыны бар Қарағанды мен 709 мың қала тұрғыны бар Ақтөбе облыстарында урбанизация деңгейі ең жоғары.