СҚО-да обырға шалдыққандарды мүгедектікке шығармаған лауазымды тұлғалар жазаланды
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы әрекетке барған.
Тексеріс қорытындысы бойынша 2 лауазымды тұлға заңда жауапкершілікке тартылды.
-->
Медициналық ұйымдар Әлеуметтік кодекстің талаптарына қайшы әрекетке барған.
«Олар мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді. Бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Тексеріс қорытындысы бойынша 2 лауазымды тұлға заңда жауапкершілікке тартылды.