Әскердегі әлімжеттік қашан тоқтайды?
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен осы жылдың 1 наурызынан бастап еліміз аумағында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл Астана қаласынан 18 бен 27 жас аралығындағы 1000-нан аса жас жігіт әскер қатарына алынды. Дұрыс, армия – үлкен өмір мектебі. Алайда кейінгі кезде осы қағиданы қаперіне алатын, өз еркімен жауынгер болғысы келетін жастар азайып бара жатыр. Неге десеңіз, үйінен кеше ғана үлкен үмітпен үкілеп шығарып салған өндірдей ұлынан келетін суық хабар ата-анасын есеңгіретіп қана қоймай, қоғамда да үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.
Соңғы он жылда Қазақстанда 234 сарбаз өзіне-өзі қол жұмсаған. Сонда бұл жыл сайын Отан қорғауға аттанған 23 жауынгер үйіне мырыш табытпен оралды деген сөз ғой. Мәселен, 2022 жылдың 19 тамызы күні Атырау облысы Қызылқоға ауданының тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүргенде жұмбақ жағдайда қайтыс болды.
Ал осы жылдың басында дәлірек айтсақ, 2023 жылдың 17 қаңтары күні Маңғыстау облысында ҰҚК шекара қызметінің сарбазы Әлібек Қалыбаев ертеңгілік сапта тұрған кезінде есінен танып құлап, тілге келместен көз жұмған.
Өткен жылы Жамбыл облысының шекара қызметінің «Шөлдала» әскери бөлімінде қатардағы жауынгердің асылып өлуі де қоғамда үлкен дүрбелең туғызды. Басында оны «жас жігіт әскери өмірге моральдық-психологиялық жағынан дайын болмай, қиындықтарға шыдай алмай өзіне-өзі қол жұмсады» деп хабарлады. Кейін оның қорғаушысы жас жігіттің қатарластары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдегенде елдің төбе шашы тік тұрды.
Психологты көбейту керек
Доғарыстағы полковник Еркінбек Жайлаубаевтың ойынша, қазір әскерде тәртіп мүлде босаңсып кеткен.
Ол кісінің пікірінше, әр ротаға бір-бір психолог алып, әр солдаттың психологиялық жағдайын күн сайын тексеріп отыру керек. Олардың біліктілігін арттырып, жауапкершілігін күшейту қажет. Әрі ротадағы әрбір жауынгердің моральдық ахуалын осы маманнан сұрап отырса, әскердегі қазіргідей келеңсіздіктер болмас та еді.
Телефонға тыйым салса…
Астана қаласының тұрғыны Мұхамбет Ізтайұлы баласын әскерге жібергісі келмейтінін ашық айтып жүр.
Мүмкін астаналық бұл ата-ананың пікірімен біреулер келіспеуі де мүмкін. Өйткені дені сау ұланның жасы жеткен соң Отанына қызмет етуге аттануы – міндет.
Жұмысшы мамандығын меңгерсе…
Қазір әскер қатарында жүріп жұмысшы мамандығын меңгеру күн тәртібіне қойылып отыр. Ол тіпті елге келгеннен кейін де кәдеге асар еді. Сондықтан да Үкімет «әскерде жүріп, техникалық және кәсіби тегін білім алу» бағдарламасын осы бағытта жалғастыруды қолға ала бастады. Әскерге бару күштік құрылымдарға жұмысқа тұрғысы келетіндер үшін бір жылдық жұмыс өтіліне саналатын болса, енді белгілі бір мамандықты меңгеру жауынгердің алдағы болашағына жол ашып, жұмыссыз қалмайтынына сенімін нығайтар еді.
Бұған Мемлекет басшысы да аса мән беріп: «Әскер қатарында жүріп мамандық алуға мүмкіндігін туғызу керек. Мерзімдік қызметке алынған жауынгерлердің экономиканың нақты секторына ауадай қажет жұмысшы мамандығын меңгеріп шығуы жайын алдағы уақытта жан-жақты ойластыру керек» деді өзінің халыққа арнаған Жолдауында.
Жасыратыны жоқ, әлімжеттік әскерде қай кезде де болған. Мамандар оны толық тоқтату мүмкін емес деп отыр. Өйткені ол – иерархиялық жүйе. Бұрын келген сақа солдаттар өзінен кейінгі келгендерге жасының үлкенін, әскери тәжірибесін, физикалық мүмкіндігін пайдаланып, бағынбаса немесе қыңырлық танытса, күш көрсетеді. Ол жағдай ішкі циклмен қайталанатын болғандықтан, оған түпкілікті бақылау орнату мүмкін емес. Бірақ тәртіп пен қадағалуды күшейткен жерде нәтиже болатынын тәжірибе көрсетіп отыр.
Кейінгі кезде казарманың барлық бұрышына бейнебақылау камерасын орнату мәселесі сөз болып жүр. Бұл – біраз ауқымды қаражатты қажет еткенмен, қазіргідей әскерде кісі өлімі тоқтамай тұрған кезде аса қажеттіліктен туындаған өміршең ұсыныс.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, қазір әскерден қашып жүргендер саны 30 мыңнан асады екен. Өткен жылы елімізде 180500 адам әскерге шақырылса, соның тек 30-35 мыңы ғана Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Көбі сан алуан сылтау айтып, әскери комиссариатқа бармайды. Барып алып, әскерден қашатындар да аз емес. Мұны тоқтатудың бір-ақ жолы – темірдей тәртіп пен үгіт-насихат, тәрбие жұмысы. Қазақстан армиясының беделі сонда ғана көтерілуі мүмкін.
Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ
-->Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен осы жылдың 1 наурызынан бастап еліміз аумағында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл Астана қаласынан 18 бен 27 жас аралығындағы 1000-нан аса жас жігіт әскер қатарына алынды. Дұрыс, армия – үлкен өмір мектебі. Алайда кейінгі кезде осы қағиданы қаперіне алатын, өз еркімен жауынгер болғысы келетін жастар азайып бара жатыр. Неге десеңіз, үйінен кеше ғана үлкен үмітпен үкілеп шығарып салған өндірдей ұлынан келетін суық хабар ата-анасын есеңгіретіп қана қоймай, қоғамда да үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.
Соңғы он жылда Қазақстанда 234 сарбаз өзіне-өзі қол жұмсаған. Сонда бұл жыл сайын Отан қорғауға аттанған 23 жауынгер үйіне мырыш табытпен оралды деген сөз ғой. Мәселен, 2022 жылдың 19 тамызы күні Атырау облысы Қызылқоға ауданының тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүргенде жұмбақ жағдайда қайтыс болды.
Ал осы жылдың басында дәлірек айтсақ, 2023 жылдың 17 қаңтары күні Маңғыстау облысында ҰҚК шекара қызметінің сарбазы Әлібек Қалыбаев ертеңгілік сапта тұрған кезінде есінен танып құлап, тілге келместен көз жұмған.
Өткен жылы Жамбыл облысының шекара қызметінің «Шөлдала» әскери бөлімінде қатардағы жауынгердің асылып өлуі де қоғамда үлкен дүрбелең туғызды. Басында оны «жас жігіт әскери өмірге моральдық-психологиялық жағынан дайын болмай, қиындықтарға шыдай алмай өзіне-өзі қол жұмсады» деп хабарлады. Кейін оның қорғаушысы жас жігіттің қатарластары тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдегенде елдің төбе шашы тік тұрды.
Психологты көбейту керек
Әр азамат Отанын қорғауға міндетті екенін жақсы түсінеміз. Дегенмен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт күнде жұмбақ жағдайда өз-өзіне қол жұмсап, асылып немесе атылып қалып жатуы үлкен қасірет қой! Біздің «неге, кім кінәлі?» деп сұрауға толық құқығымыз бар, – дейді қоғам белсендісі Жанат Есентай.
Доғарыстағы полковник Еркінбек Жайлаубаевтың ойынша, қазір әскерде тәртіп мүлде босаңсып кеткен.
Бұрын кеңес армиясында рота командирі мен жауынгердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әр солдатқа басымен жауап беретін. Оның бір тал шашының түспеуіне мүдделі еді. Әскери комиссариаттарда елу-алпыс адамды бір психолог тексерістен өткізетін. Қазір екі мың адамға бір психолог көрінеді. Ол үлгере ме? Сосын келіп әскерге шақырушылардың психологиялық жағдайына атүсті қарау орын алып жатады. Мен бірде-бір әскери психологтың арнаулы курстан өтіп, біліктілігін жетілдіріп жатқанын естіген емеспін. Олар өз жұмысына өте салғырт қарайды. Тіпті кей әскери бөлімшелерде психолог қызметін қосымша екінші біреу атқарып жүреді. Міне, осыдан келіп әскердегі суицид көбейіп отыр, - дейді полковник.
Ол кісінің пікірінше, әр ротаға бір-бір психолог алып, әр солдаттың психологиялық жағдайын күн сайын тексеріп отыру керек. Олардың біліктілігін арттырып, жауапкершілігін күшейту қажет. Әрі ротадағы әрбір жауынгердің моральдық ахуалын осы маманнан сұрап отырса, әскердегі қазіргідей келеңсіздіктер болмас та еді.
Телефонға тыйым салса…
Астана қаласының тұрғыны Мұхамбет Ізтайұлы баласын әскерге жібергісі келмейтінін ашық айтып жүр.
Үлкен ұлым Қаражал қаласында әскерде жүріп, Түркістан облысының бір сарбазы екеуі алты айдан кейін Алматыға жұмысқа кетіп қалған. Біз «баламыз Отан алдындағы борышын өтеп жүр» деп мәз болып жүрсек, бір күні әскери бөлімнен: «Екі апта болды, балаңыз әскери бөлімнен қашып кетті. Іздеп таба алмай жатырмыз. Ауылға келсе, тез бізбен хабарласыңыз» деп телефон соғып тұр.
Жанұшырып іздеуге шықтық. Үш ай бойы еш хабар болмады. 2021 жылдың маусым айында Түркістан облысының Балтабай деген ауылынан бір әйел: «Менің әскерден қашты деген баламды біреулер Алматы қаласында көріп, сөйлесіпті. Осында жұмыс істеп жатырмыз. Ақша жинап, әскери бөлімге қайта барамыз. Бәрі командирмен келісілген депті» деп телефон шалды.
Дереу жолға жиналдық. Әуелі Балтабай ауылына барып, мән-жайға толық қанығып, сосын сол қасындағы баланың ағасы екеуміз Алматыға жеттік. Сұрастыра жүріп, екі күн дегенде баламды көшедегі бір дүңгіршектен әрең таптым. Көре салып балам менен қашып, сұмдық болды. Жалынып, жалбарынып жүріп, әрең дегенде Астанадағы әскери бөлімге ауыстырып, тыншып едік. Енді екінші ұлым да әскерге шақырылатын жасқа жетіп қалды. Шамам келгенше, оны қасымнан ұзатқым келмейді. Бірінші балам әскерге барамын деп сотталып кете жаздады. Бұл енді оқуын оқысын, тезірек үйленсін деп шешіп отырмын, - деді.
Мүмкін астаналық бұл ата-ананың пікірімен біреулер келіспеуі де мүмкін. Өйткені дені сау ұланның жасы жеткен соң Отанына қызмет етуге аттануы – міндет.
Бұл - дұрыс. Әркім де мерзімдік әскерге шақыру үлкен сынақ екенін түсінеді. Өз заңы, өз жарғысы бар бірыңғай ерлер ғана жиналған жат ұжымда жаңа барған өндірдей жасқа бой үйретіп, сіңісіп кету асқан дайындықты қажет етеді. Қазіргі технологияның қарыштап дамыған заманында ата-анасымен хабарласып, ауылда қалған ағайын-туысымен, дос-жаранымен сөйлесіп отыру бір жағынан жақсы болса, екінші жағынан онша құптарлық жай емес. Мамандардың айтуынша, әскер ұл баланы шымырлыққа, төзімділікке, сабырлыққа шыңдауы керек. Ал жаңағыдай өбектеу, күн сайын ет жақындарымен сағаттап байланысуы жас жігітті «шыбық тимес, шың етпе» жасап жібермей ме деп қауіптенемін. Әрі мұндай жағдай оның психологиясына да әсер етері сөзсіз. Қазақ «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деп бекер айтпаған. Бұл – армия. Армияда кейбір қиындықтар, сақа сарбаздардың өктемдігі деген болып тұрады. Соның бәріне жас солдат төзіп, ішінде ұстап, өзін оқшауламаса, соғұрлым ол жетіле түсер еді, – деген астаналық қоғам белсендісі Жасұлан Ілиясовтың да сөзінің жаны бар.