Шымкенттік шенеунік сейсмикалық қауіпсіздікке бөлінген 120 млн теңгені жымқырған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Лауазымды тұлғаға қаладағы 216 тұрғын үйдің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарға бөлінген қомақты қаржыны алдын ала сөз байласу арқылы жымқырған деген айып тағылды. Келтірілген шығын шамамен 120 млн теңгені құрайды.
-->Лауазымды тұлғаға қаладағы 216 тұрғын үйдің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарға бөлінген қомақты қаржыны алдын ала сөз байласу арқылы жымқырған деген айып тағылды. Келтірілген шығын шамамен 120 млн теңгені құрайды.
«Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.