Әлеумет

ШҚО тұрғыны туған әпкесімен 20 жылдан кейін кездесті (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны 20 жыл бұрын әпкесін жоғалтып алған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Үміті үзілмеген тұрғын әпкесін тауып қалармын деген ниетпен Үштөбеге барған. Ол көшеде учаскелік полиция инспекторлары Айбек Қази мен Талғат Есқожановпен жолығады. Полицейлер оның өтінішіне бірден үн қатып, іздестіру жұмыстарына көмектесуге кірісті.

Осылайша жүйелі жұмыстың арқасында тәртіп сақшылары бауырларды қауыштырды.

Тұрғын полиция қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне алғысын білдірді.