Әлеумет

«Серпін» бағдарламасына тың серпін керек

Осы Серпін бағдарламасына бір нәрсе жетіспей тұратындай көрінеді. Кезінде Ресей, Украина, Кубаньнан жұмысшыларды еліміздің бес облысына одақтық тың және тыңайған жерлерді игеруге еңбек миграциясы арқылы, эшелон-эшелонымен үздіксіз жөнелтілген жұмысшы күшін әкелегнін тарихтан білеміз. Қабылданғанына он жылға жуықтаған Серпін бағдарламасының ауаны да біршама оқу гранттарын бөліп, аталған аймақтарға санаулы жас мамандарды тартумен шектелетін сияқты. Серпінге серпін жетіспейтіндігін,  осы уақытқа дейін ауыз толтырып айтатын цифрлар мен ресми статистиканы табу қиындығынан байқаймыз.

Жалпы аталған бағытты бөлінетін жыл сайынғы оқу грантының бар-жоғы 2500-3500 саны ғана құтқарып тұрғандай. Әрине, менікі асығыс писсимистік пікір болар, қалғанын уақыт көрсетеді деп отыра берсек те болады. Алайда, Серпін сияқты мемлекеттік бағдарламаның маңызы тек әлеуметтік  еместігін, тағы да еске түсіруге тура келеді. 

Алдымен аталған аймақтарда халқымыздың 77 пайызын құрайтын қазақтардың санын көбейту басты мақсат. Әрине, ұлттық доминанты құрайтын халықтың басымдығы қашан да ұлттық қауіпсіздік мәселесінде керек. Көрші Қытайдың өзінде Батыс, Солтүстік-батыс аймақтарында ханьдықтардың өзін, яғни басымдыққа ие қытайлық ұлтты соңғы он жылда, қалай саны жағынан алдыңғы көп ұлтқа айналдырып шыға келді. Ол жайында сырт елден ешкімде қыңқ етпеді. Өйткені, бұл сол елдің ішкі мәселесі. 

Дәл осы мемлекеттік саясат турасында айтсақ, тым жұмсақ Серпін бағдарламасы расында ұлттық саясат деңгейінде, болмашы сандармен жетістіктерін айта алмайды. Неге? Себебі, жергілікті әкімдіктердің, кадрлардың тұрғылықты қауымдардың аталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы әлсіз ниетінде. Жылда он төрт-он жеті отбасыдан, жиырма үш жас маманды орналастырып, үй-жай, кәсіп ашуға жер үлестірудің өзі нәтижесіз тірлік екені, неге мойындалмайды. Әрине, мұндай қарқынмен, солтүстік аймақтарды қазақыландару саны он-жиырма жылда да сүреңсіз өтеді. Ал енді, осы сүреңсіздік мемлекеттік саясатқа тиімді ме? 

Бүгінгі геосаяси ахуалды, көрші аймақтардағы ұлтаралық мәселелердің әлемдік сипаттағы қарулы жанжалдарға әкелгенін ескерсек, қаншалықты Серпіннің бүгінгі күші пайдалы болып жатыр деген сауал туады?!

Өкінішке орай, кезіндегі идеясы мықты, бірақ орындалуы пәс болған Рухани жаңғыру бағдарламасының кебін киюге сәл-ақ қалған Серпіннің де қал-ахуалы келіспесек те осыны көрсетуде. Не істемек керек?

Осы жазбаның басында айтылған тың және тыңайған жерлерді игерумен сарындас социалистік идея іспеттес бюолып келле жатқан Серпінге, жаңа нарықтық көзқарастар керек. Президент қайбір сөзінде қоғамда либералдық көзқарастардың маңызы жайында айтып еді. Осыған либералдық, бірақ мемлекеттік саясатты қажет ететін бастамалар орынды болар еді. 

Ол үшін, ұсынылғалы тұрған ұсыныстың басты кедергісі жемқорлыққа жол берілмеуі тиіс. Екі әлемдік тәжірибемен бөлісейін, тура осы Серпін іспеттес бастамалар, Италияда жүруде. Ол жақта бұрынғы тарихи маңызы бар кіші қалаларды қайта тұрғындармен жабдықтауға 1991 жылға дейінгі ескі үйлерді жаңартып, жаңа қоныстанушыларды шақыруға 30 000 еуродан бөліп отыр. Бұл біздің теңгеге шаққанда 14 593 800 тг. Бұл жерде жас маман, студент, қандас-оралман, кәсіпкер деп біздегідей бөліп жармай, барлық италиялықтың қалауымен рұқсат етілген. Әзірше нәтижелері де жаман емес.

Екінші мысал, Ирландиядағы алыс-жақын орналасқан аралдарды халықпен қамту. Бұнда да мемлекеттік бағдарламамен әрбір ирландыққа егер қалаған аралына барып, 1993 жылға дейінгі салынған үй-жайларды таңдап, тұратын болса 92 000 еуроға дейін қаржы бөлмек. Бұл теңгеге шаққанда 44 754 320 ақша. Оның үстіне жергілікті мэрия мен үкімет инфрақұрылымды, жер учаскесін, кәсіп ашу мүмкіндіктерін, логистиканы т.с.с. өмір сүру мен дамуға қажеттіліктердің бәрін екі-үш жылда жасақтап беру жауапкершілігін алып отыр. Бұларда нақты қаржы мен мерзім бар, яғни нәтижесі де болады деген сөз.

Жоғарыда аталған елдер батыстың нарықтық бастамалары. Өкінішіке орай, еліміздегі Серпінге дәл осылай нақты қаржылық-инвестициялық мүмкіндіктер қарастырылмай отыр. Егер әрбір қазақстандыққа, қазақ отбасына солтүстікке көшіп-қонуға отбасылық жатақхана емес, кемінде тұрар үйді жаңартуға кемінде 15-20 млн. тг., кәсібі мен шаруашылығына пәленше га жер, субсидия, несиелік жеңілдіктер деп нарықтық мүмкіндіктер қарастырылса, кім үдере көшпейді?! Мәселенің барлығы қаржыға тіреліп, инвестиция мен жеңілдіктерді ұйымдастыруға келіп тұр. Әйтпесе, бұзаудың мұрны мен құлағынан тартқандай күй кешкен Серпін бағдарламасының нәтижелігі ұзақ уақытқа дейін көрінбейтіні анық. Оның ақыры не болғанын түсінбей өтетін қоғам тағы бар. Тоқетері Серпінге серпін керектігі осында...

                                                                                                                                     Мақсат ЖАҚАУ

-->