Сенатор Астанадағы жүк тепловозы мен локомотив шығаратын зауытта болды
Сенатор Астанадағы жүк тепловозы мен локомотив шығаратын зауытта болды,деп хабарлады Elorda.info.
Сенатор өндіріс барысымен және тепловоз бен локомотив құрастыру технологиясымен танысты. Зауыт жұмысшыларымен кездесу барысында бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, бұл өнімді өткізу нарығын, оның ішінде ішкі нарықты ұлғайтудағы қиындықтар туралы болды.
Сенатор кездесуді қорытындылай келіп, зауыттағы отандық технологиялық өндірісті қолдау және дамыту жөнінде көтерілген бастама мен айтылған ұсыныстар заң шығару жұмысы барысында ескерілетінін атап өтті.
Сенатор сонымен қатар елордадағы 3-ші жылу электр орталығында болып, кәсіпорынның материалдық-техникалық жабдықталу деңгейімен танысты.
Сенатор Қарағанды облысында да болды. Депутат Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының шақыруымен Қарағанды облысының ең шалғай аудандарынан келген 200 балаға арналған қайырымдылық шарасына қатысты.
-->Сенатор өндіріс барысымен және тепловоз бен локомотив құрастыру технологиясымен танысты. Зауыт жұмысшыларымен кездесу барысында бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, бұл өнімді өткізу нарығын, оның ішінде ішкі нарықты ұлғайтудағы қиындықтар туралы болды.
«Қазір зауыт «ҚТЖ» ұлттық компаниясының тапсырысымен қамтамасыз етіліп отыр. Дегенмен мұнда өнімді одан да көбірек шығаруға болады, компанияның өндіріс қуаты оған дайын. Білікті мамандарды даярлауға ауқымды қаржы мен уақыт жұмсалды, ал компания оларды тапсырыссыз ұстап отыра алмайды. Әр түрлі бөлшектерді өндірушілерді ынталандырып отыру керек, қолдау керек. Алдағы Парламент сессиясында Сенатта теміржол саласының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылайтын боламыз. Бұл жерде айтылған ақпараттың пайдасы зор болмақ», - деп атап өтті сенатор.