Әлеумет

Сауда министрлігі сиыр етінің бағасына байланысты жедел желіні іске қосты

Сауда және интеграция министрлігі ет нарығындағы, соның ішінде сиыр етіне қатысты жағдайға байланысты жедел желі іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша жедел желі республика бойынша жұмыс істейді және азаматтар мен бизнес өкілдері үшін қолжетімді.

Жедел желіге ет бағасының деңгейіне, сауда нүктелеріндегі сауда үстемесіне, сондай-ақ өнімді жеткізуге байланысты мәселелер бойынша жүгінуге болады.

«Бұл жедел желі халықпен, бизнеспен кері байланысты күшейту, азық-түлік нарығындағы ашықтықты арттыру және жергілікті жерлерден келіп түсетін сигналдарға уақтылы әрекет ету мақсатында құрылды», - делінген хабарламада.

Жедел желі нөмірлері: 

Өңірлер бойынша жедел желілер: 

Астана қаласы 8 (7172) 57-64-02 

Алматы қаласы 8 (727) 392-21-54 

Шымкент қаласы 8 (7252) 53-07-06 

Абай облысы 8 (7222) 35-37-43 

Ақмола облысы 8 (7162) 50-29-89 

Ақтөбе облысы 8 (7132) 54-81-26 

Алматы облысы 8 (7272) 72-50-083 

Атырау облысы 8 (7122) 52-03-91 

Батыс Қазақстан облысы 8 (7112) 50-00-44 

Жамбыл облысы 8 (7262) 54-21-69 

Жетісу облысы 8 (7282) 41-56-10 

Қарағанды облысы 8 (7212) 21-42-08 

Қостанай облысы 8 (7142) 53-46-80 

Қызылорда облысы 8 (7242) 71-15-30 

Маңғыстау облысы: 8 (7292) 43-14-34 8 (7292) 43-01-17 

Павлодар облысы 8 (7182) 55-10-70 С

Солтүстік Қазақстан облысы 8 (7152) 46-81-33 

Түркістан облысы: Абдусаттаров Нұрдаулет +7 707 111 6501; Әшімханов Асқар +7 771 322 82 82 

Ұлытау облысы 8 (7102) 76-30-10 

Шығыс Қазақстан облысы 8 (7232) 26-72-07