Сапасы ең нашар жолдар қай өңірде?
Биыл қаңтар-қазан аралығында тас жол мен теміржол құрылысы саласындағы негізгі капиталға құйылған инвестиция өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірден 42,5%-ке артып, 274,1 млрд теңгеге жетті, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Инвестициялардың көп бөлігі, яғни 226,1 млрд теңге тас жол құрылысына жұмсалған. Теміржол мен метро құрылысына 48 млрд теңге кетті, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,1 млрд теңге болған. Жылдық өсім – 5,3 есе.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жылдық есебі дерегі бойынша, 2022 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ұстап тұруға 113,6 млрд теңге бөлінген. Бір жыл бұрынғы сома – 95,8 млрд теңге болатын. Қаржы 100 пайыз игерілді. Бөлінген қаржы аясында 157 нысанға күрделі және орташа жөндеу жүргізілді. 1079,4 шақырым жол пайдалануға берілді.
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар тас жолдар үлесі 2022 жылы 91пайыз болса, алдыңғы жылы 90 пайыз еді.
Өңірлер бойынша, 2022 жылы Жетісу облысы жолдары 99 пайыз жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болып шықты. Үздік үштік қатарында Павлодар және Түркістан облыстары бар. Ең нашар көрсеткіш Абай ,Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
-->Инвестициялардың көп бөлігі, яғни 226,1 млрд теңге тас жол құрылысына жұмсалған. Теміржол мен метро құрылысына 48 млрд теңге кетті, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9,1 млрд теңге болған. Жылдық өсім – 5,3 есе.