Әлеумет

Құрылыс материалдары қымбаттаса, тұрғын үй бағасы қалай өзгереді

Жақында елімізде жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бағасы қымбаттауы мүмкін. Негізі шаршы метрдің құны онсыз да шарықтап жатыр. Баға көптеген факторға байланысты. Олардың арасында материалдардың да құны бар. Кейбір құрылыс тауарлары бір айда айтарлықтай қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Бірақ Қазақстанның құрылыс қауымдастығы сатып алушылар айтарлықтай айырмашылықты байқамайды деп сендіреді, деп хабарлады Elordainfo.kz KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда көпқабатты тұрғын үй салу қымбаттап жатыр. Ұлттық статистика бюросы зерттеу жүргізді. Нәтижелер жыл басынан бері жұмысшылардың қызметтерінің құны өскенін көрсетті. Құрылыс материалдарының бағасы да қымбаттады. Тек наурыз айында құрылыс үшін негізгі тауарлардың бағасы 10%-дан артқан. Сарапшылардың пікірінше, құрылыс салумен айналысатындарға  тас, әктас, бор,  гипс қымбатқа түскен. Пластикалық плиталардың, құбырлардың, профильдердің және бетонның бағасы өзгерді яғни, барлық негізгі материалдар үшін. Мамандар бағаның өсуі дайын үйлердің бағасына тікелей әсер ететінін айтты.

Бірақ Қазақстанның құрылыс қауымдастығында басқа ақпарат бар. Онда құрылыс материалдары құнының бір айда шамамен 2%-ға өскенін байқаған. Газ блоктар айтарлықтай қымбаттады. Алайда кейбір тауарлардың бағасы сәл төмендеді. Мысалы, минералды плиталар 11%-ға арзандады. Жеткізушілер баға белгілерін инфляция мен сұранысқа байланысты өзгертеді деп түсіндіреді құрылыс бизнесінің өкілдлері.

«Қымбаттау сатып алушыларға айтарлықтай әсер етпеуі керек. Баға өзгерсе, былтырғыдай қымбаттау болуы мүмкін. Былтыр жылжымайтын мүлік бағасының өсуі айына 0,5-1% болды. Бұл өсу инфляциямен байланысты. Биыл да дәл осылай болады деп болжап отырмыз», - деді  Қазақстан құрылыс қауымдастығы президенті Виктор Микрюков.

Келесі жылдан бастап жаңа ғимараттарға шаршы метрдің бағасы өсуі мүмкін деп ескертеді кәсіпкерлер. Егер Салық кодексіне түзетулер қабылданса, онда басқалармен қатар  ҚҚС тұрғын үй құнына әсер етеді.

«ҚҚС-пен байланысты шығындар болады. Өкінішке қарай, бізде тұрғын үйге ҚҚС 100% деген шешім қабылданды. Сонымен қатар 2025 жылдың 2 қаңтарында өз нысандарын салуды бастаған құрылыс салушыларға да ҚҚС төлеу қаупі бар. Олар осы Кодексті қабылдағаннан кейін жоғарыдан тағы 12%  төлеуге мәжбүр болады. Тиісінше, біз осы факторлардың арқасында тұрғын үй қымбаттайды деп ойлаймыз», - деді Қазақстан құрылыс қауымдастығы президенті Виктор Микрюков.

Көктемде жылжымайтын мүлік нарығы қысқы ұйқыдан оянады  дейді риэлторлар. Наурыз айынан бастап сатып алушылар жаңа пәтерлерді белсенді түрде сатып ала бастайды. Ипотекалық бағдарламаларға сұраныс артады. Олар қымбаттағанына қарамастан баспана алуға мүмкіндік береді.

«Жыл басынан бері инфляцияны және теңгенің құнсыздануын ескере отырып, нарық құнының 5-тен 9%-ға дейінгі қымбаттауын байқай аламыз. Тіпті жылжымайтын мүлік бағасы қымбаттаған сайын одан сұраныс жоғалмайды. Қазір мемлекет ипотекалық мәселелерде қаншалықты қолдау көрсететініне байланысты. Ипотекалық бағдарламаларға сұраныс артады», - деді жылжымайтын мүлік агенттігі департаментінің басшысы Азамат Тұрсынбек.

Экономистер жылжымайтын мүлік бағасын ұстап тұру мемлекеттің көмегінсіз мүмкін емес деп отыр. Нарықты реттеу үшін құрылыс секторына арналған несиелер бойынша пайыздар инфляция деңгейініен жоғары болмауы керек. Сарапшылар құрылыс салушылар мен құрылыс материалдарын өндірушілерді жеңілдететін шарттармен қаржыландыруды ұсынады.

«Мемлекет тарапынан қолдау Қазақстанда базалық мөлшерлемені төмендетпесе және құрылыс секторын қаржыландырудың төмендеуі болса, онда біз тұрғын үй құнының жыл сайынғы қымбаттауының кемінде 5-10% байқайтын боламыз. Себебі құрылыс секторында құрылыс материалдарының өндірісі әлі де дамымаған», - деді қаржы сарапшысы Арман Байжанов.

Қазақстанда құрылыс үшін ең көп капиталды қажет ететін материалдар өндіріледі. Бұл бетон, цемент, газ блоктар және т.б. Біздің еліміз арматураның көп бөлігін Ресейден сатып алады. Тұрғын үй кешенін әрлеу элементтері мен сумен жабдықтау  заттары Еуропадан жеткізіледі дейді құрылыс салушылар.

Жыл соңына дейін сарапшылар бастапқы тұрғын үйдің күрт қымбаттауы болмайды деп отыр. Мамандардың болжамы бойынша, бағалар ай сайын 1%-дан аспайтын болады. Бұл үрдіс нарықтың барлық қатысушылары үшін қолайлы болып саналады.