Әлеумет

Өрт немесе зілзаладан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан азаматқа не оның мүлкіне зиян келген жағдайда қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

 «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» ережесіне сәйкес жалғыз баспанасына елеулі зиян келтірілген, бүлінген немесе қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда бұл отбасына 400 АЕК көлемінде ақшалай көмек беріледі. Ал апат салдарынан адам шығыны болса, әр қайтыс болған адам үшін 150 АЕК төлем қарастырылған.

Әкімші табиғи зілзала немесе өрт жағдайы пайда болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әлеуметтік көмек алуға келіп түскен өтініштерді қарайды.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш береді:

1) жеке басты куәландыратын құжат;

2) табиғи зілзала немесе өрт фактісі мен келтірілген зиянның дәрежесін растайтын құжаттар;

3) өтініш берушіге жоғалған, бүлінген тұрғын үйдің тиесілігін растайтын құжаттар:

жеке меншiк құқығында тиесiлiге - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының болмауы (болуы) жөніндегі анықтама және құқық беретін құжаттың көшірмесі (№6 форма);

өзге де заңды негіздерде тұрып жатқандар үшін - тұрғын үйді ұстау бойынша меншік иесі белгіленген міндеттемемен тұру құқығына құжаттың көшірмесі (жалдау шарты);

4) қаза болған жағдайда – отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және оған қатысты туыстығын растайтын құжаттар;

5) екінші деңгейдегі банктегі шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

-->