«Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 500-ге жуық адам жұмысқа орналасты
Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Ақтөбе (104 адам) және Алматы (39 адам) өңірлерінде, сондай-ақ Жетісу облысында (39 адам) байқалды.
Жамбыл облысының тұрғыны Жадыра Мұханова осы бастама арқылы жұмысқа орналақандардың бірі.
2023 жылғы қаңтарда Жадыра Мұханова жоба бойынша Тараз қаласындағы «Парасат» колледжіне жіберілді, онда ол өзін жан-жақты білікті маман ретінде көрсетті. Бүгінгі күнде ол оқу орнында жұмысын жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, жобаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.
-->Жамбыл облысының тұрғыны Жадыра Мұханова осы бастама арқылы жұмысқа орналақандардың бірі.
2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Психология мамандығы бойынша бітірдім. Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, маманнан кеңес алып, өз мамандығым бойынша жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын игеру үшін «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға шешім қабылдадым, – дейді ол.