Әрбір тұрғын тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті

Заң бойынша әрбір азамат нақты тұратын жерінде тіркелуі тиіс: ол жеке тұрғын үй болсын, жалға берілетін немесе тұрақты тұратын басқа тұрғын үй болсын.
Бұдан басқа, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелмеген адамдар үшін жеке басын куәландыратын құжаттарын ресімдеуді қоса алғанда, мемлекеттік және басқа қызметтерді ұсыну бойынша шектеулер қолданылады.
Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабында 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға дейін жауапкершілік көзделген, бұл бүгінде 25 мың 844 теңгені құрайды.
Тіркеуге тұру ХҚКО-ның кез келген бөлімшесінде жүзеге асады. Ол үшін азаматтың өзімен бірге жеке куәліктің болуы, сондай-ақ келісім беру үшін тұрғын үй иесінің болуы жеткілікті. Сонымен қатар, тіркеуді egov-та «электрондық үкіметтің» интернет-порталы арқылы жасауға да болады. Ол үшін азамат тұрғылықты жері бойынша тіркеуге өтінім, ал меншік иесі де өз келісімін egov порталы арқылы бере алады.
-->Заң бойынша әрбір азамат нақты тұратын жерінде тіркелуі тиіс: ол жеке тұрғын үй болсын, жалға берілетін немесе тұрақты тұратын басқа тұрғын үй болсын.
Бұдан басқа, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелмеген адамдар үшін жеке басын куәландыратын құжаттарын ресімдеуді қоса алғанда, мемлекеттік және басқа қызметтерді ұсыну бойынша шектеулер қолданылады.
Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабында 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға дейін жауапкершілік көзделген, бұл бүгінде 25 мың 844 теңгені құрайды.
Астана қаласының Полиция департаменті барлық азаматтарды заңға бағынуға шақырады. Меншік иесі сізді тіркеуден шығармағанын тексеріңіз. Қайда тіркелгеніңізді қараңыз. Егер сіз тұрғылықты жеріңізді өзгерткен болсаңыз, онда сіз жаңа мекенжайға тіркелуіңіз қажет. Бұл өзге қалалық студенттерге де қатысты. Сіз оқу орныңыз бойынша тіркелуіңіз керек, - дейді Астана қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ербол Махметов.