Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
Бүгін Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік басқару академиясының ұжымымен бірлесіп «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты, деп хабарлады Elorda.info МҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы қоғамдық санада экологиялық мәдениеттің қалыптасуына серпін бергенін және қоршаған ортаны таза ұстаудың да отанға қызмет етудің бір үлгісі екенін атап өтті.
Сенбілікке қатысушылар Қоянды су қоймасының аумағын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізді.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері экологияны қорғауға бағытталған осындай игі бастама аясында тазалық жұмыстарын жүргізіп тұрудың маңыздылығын айтты.
Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
-->Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы қоғамдық санада экологиялық мәдениеттің қалыптасуына серпін бергенін және қоршаған ортаны таза ұстаудың да отанға қызмет етудің бір үлгісі екенін атап өтті.