Президент әкімшілігінің комиссиясы Бағанашылдағы балалар үйін тексеріп жатыр
Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президент Әкімшілігі кешегі оқиғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізуді бастады. Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары және Ішкі саясат бөлімінің қызметкері аймаққа жол жүріп кетті», - деп жазды Ерлан Қарин.
Бүгінде комиссия мүшелері мекеме жағдайымен танысып, қызметкерлер мен тәрбиеленушілермен кездесті. Қазір көшіруге қатысты құжаттар сарапталып жатыр.
Еске салайық, Алматыдағы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан балалар үйінің тәрбиеленушілерін полиция күшпен көшіруге тырысты. Балалар Заречный ауылына көшуге қарсы шығып, ғимарат алдында қақтығыс болған еді.
Бұл мәселеге қатысты Президент балаларды Бағанашылда қалдыруды тапсырып, балалар үйін Қонаевқа көшіруге тыйым салды.