Әлеумет

Президент атынан мемлекеттік БАҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында еліміздің жетекші мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге пәтер сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлады Elorda.info Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Qazaqstan» РТРК» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, ҚР Президентінің Телерадиокешені, «Qazcontent» АҚ және «Қазақ газеттері» ЖШС қызметкерлеріне пәтер кілтін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды.

Ол әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, олардың отандық журналистиканы дамытуға елеулі үлес қосып жүргенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне айрықша көңіл бөлетінін айтты.

-->